​ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛЕДІ

Қарағанды облысында 18 сәуірде сағат 00.00-ден бастап күшейтілген шектеу шаралары енгізіледі. 22.00-ден 05.00-ге дейін карантин аймағының ішінде жеке автокөлікпен жүруге болмайды. Теміртау тұрғындарына жеке көліктерімен жүруге толықтай тыйым салынады. Екінші деңгейдегі барлық банктер клиенттерге қашықтан қызмет көрсететін болады. Азық-түлік базарлары ертеңгі күннен бастап тек кәсіпкерлермен жұмыс істейді. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров  мәлімдеді .

Жаңа ережелер 18 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысының барлық аумағында әрекет ете бастайды. Адамдар мен автокөліктердің облыс аудандары мен қалаларынан тыс жерлерге шығуына және кіруіне тыйым салынады. Тыйым жедел әрекет ету орталығының дерекқорына енгізілген адамдарға қолданылмайды. Облыстың барлық аудандары мен қалаларының арасында блок бекеттер орнатылуы тиіс.
22.00-ден 05.00-ге дейінгі аралықта карантиндік аймақ ішінде құқық қорғау, арнайы қызметтер мен медициналық мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, жеке автокөлікпен жүруге болмайды. Тыйым салу төтенше жағдайдың барлық кезеңіне қолданылады.

Жедел әрекет ету орталығының дерекқорына енгізілген көлік, сауда және қоғамдық тамақтандыру қызметтерін қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін, бірақ 24.00-ден кешіктірмей тұратын жеріне жеткізуге рұқсат етіледі.

Теміртауда жеке көлік қозғалысына толықтай тыйым салынады. Теміртау мен Шахтинск шегінде өз көліктерімен азық-түлік, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тауарларды жеткізетін курьерлерге уақытша жүруге рұқсат етіледі.

Барлық қалалар мен аудандардың тұрғындары жаяу жүрумен қатар көліктің барлық түрлерінде де жүріп-тұруды толық шектеуі қажет. Тек келесі санаттарға рұқсат бар:
1) Қызметі рұқсат етілген санаттар қатарына кіретін ұйымдардың қызметкерлері үшін тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру. Бұл жағдайда жедел әрекет ету орталығының электрондық ақпараттық жүйесінде мәліметтері болуы қажет. Өтінімді тек жұмыс беруші онлайн режимінде propusk.kz сайтында беруі тиіс. Бұл талаптар Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданының: Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғ. Мұстафин, Петровка елді мекендеріне жатады. Бұл қалалар мен кенттерде рұқсаттамалар мен арнайы рұқсаттар берілмейді. Облыстың басқа елді мекендерінде қағаз анықтамалар жарамды. Қосымша сұрақтарға жауаптарды электронды деректер базасы бойынша 109 нөміріне қоңырау шалып алуға болады;

2) дүкендерге және дәріханаларға тұратын жерінен бір жарым шақырымнан аспайтын радиуста азық-түлік тауарларын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін баруға;

3) иттерді серуендету (радиус — 500 метр) және шұғыл жағдайда ветклиникаға баруға;

4) шұғыл жағдайда медициналық мекемеге баруға.

Кәмелетке толмағандар ересектерсіз көшеде немесе қоғамдық орындарда болмауы тиіс.
65 жастан асқан адамдарға қажет болмаған жағдайда далаға шығуды шектеу ұсынылады.
Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда топтасып үш адамнан артық жиналуға (отбасы мүшелерін қоспағанда) тыйым салынады.

Жерлеу кезінде 10 адамнан артық болмауы керек (негізінен отбасы мүшелері). Сондай-ақ кемінде екі метр қашықтықты сақтау керек.
Малдарды ұстау бойынша ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, мал жаюға рұқсат етілген. Ветеринариялық қызметтердің келісімі бойынша карантиндік үйлер мен кіреберістердегі үй жануарларды уақытша асырап беруге басқа жерге беруге болады.
Барлық азық-түлік супермаркеттері, дүкендер мен базарлар 22.00-ден артық жұмыс істеуі тиіс. Азық-түлік дүкендеріне және дәріханаларға бірмезгілде екі адамнан артық кірмеуі тиіс. Сондай-ақ үй-жайлардың ішінде де, сыртында да кезекте бес адамнан артық болмауы тиіс. Дүкендер мен дәріханаларға барған кезде, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен екі метрден кем емес қашықтықты сақтау қажет.
Көтерме сауда базарларында азық-түлік өнімдерін халыққа сатуға тыйым салынады. Тауар кәсіпкерлерге сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін беріледі.
Барлық дәмханалар, барлар, мейрамханалар және т.б. тек 22.00 дейін жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді.
Екінші деңгейдегі барлық банктер Қарағанды облысының тұрғындарына тек қашықтан қызмет көрсетуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне банк бөлімшелерінде және филиалдарында болуға тыйым салынады. Банкоматтардан ақша алыңыз.

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек (алдын ала медициналық тексеру) және шұғыл стоматологиядан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсетпейтін медициналық ұйымдардың қызметі тоқтатыла тұрады.

Барлық меншік түріндегі, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары мүмкіндігінше қызметкерлердің жалақысы мен жұмыс орындарын сақтай отырып, қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне көшіру қажет.
Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда қызметкерлерді ақылы демалысқа жіберу немесе барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, қызметкерлерді тұратын жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай орталықтандырылған тасымалдауды ұйымдастыру қажет.
Барлық облысаралық, қалааралық, қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық жолаушылар тасымалы уақытша тоқтатылды.
Облыстың барлық карантиндік қалалары мен аудандарында патрульдер күшейтіледі. Полицейлер карантиндік аймақтың периметрі бойынша тәулік бойы кезекшілік етеді. Саябақтар мен гүлзарларда патрульдеу жүргізіледі.

— Барлығыңызды қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Оларды барлығы уақытша. Осы қиын сыннан өтуге тек қана біздің санамыз бен жауапкершілігіміз көмектеседі, — деді Қарағанды облысының тұрғындарына Қанат Асқаров.

15:18
410

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020