ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТЖ РЕЖИМІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

24 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен ТЖ режимінде ақпараттық жұмысты ұйымдастыру мәселесі онлайн режимде талқыланды, деп хабарлайды  Saryarqa.info  облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында медиа-тренер, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы, мемлекеттік басқарудағы коммуникация жөніндегі сарапшы Ақерке Берлібай мемлекеттік PR-дың негізгі трендтері жайында сөз сөйледі.

Семинар жұмысына қалалар мен аудандар әкімдерінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің баспасөз хатшылары қатысты.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын, «Saryarqa aqparat» ЖШС басшысының орынбасары Қали Әубәкіровтің баяндамалары тыңдалды, олар қала, аудандардың БАҚ-тағы және әлеуметтік медиадағы қызметі туралы баяндады.

Кеңес барысында мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттық қолдауды жақсарту, БАҚ пен әлеуметтік медианың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі, БАҚ пен баспасөз хатшыларының тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығы мәселелері қаралды. 

14:47
408

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020