​ӘКІМ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов, қалалық мәслихат хатшысы Советбек Медебаев, әкім орынбасары Зина Ақылбекова, «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Смағұлов және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма, мемлекеттік мекеме басшылары Жезқазған қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Нина Степановна Виноградова, Иван Кузьмич Артеменко, Александр Тимофеевич Гусак және, Алексей Михайлович Миненконы Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қала әкімі Қайрат Бегімов ардагерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің, облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің алғыс хатын табыстап, өз атынан майдангерлерге алғыс білдірді, мықты денсаулық тіледі. Сондай-ақ, ардагерлердің кеудесіне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 75 жыл» мерейтойлық медалін тақты.

Ардагерлер қиын-қыстау шаққа қарамастан майдангерлерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығын тіледі. Қала басшысы ардагерлердің әлеуметтік, коммуналдық мәселелерге қатысты өтініш, ұсыныстарын тыңдап, соғыс ардагерлерін қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. 

11:46
583

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020