​ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

Бүгін Қарағанды облысының бірқатар мәдениет пен өнер қызметкерлеріне облыс әкімінің арнайы сыйлықтары табыс етілді.

Биыл марапат 15-ші рет тапсырылған марапат 21 номинация бойынша тағайындалып, салтанатты жиында емес, әр номинация иегеріне жеке табыс етілді.

Лауреаттар арасында жезқазғандықтар да бар.

Облыс әкімі сыйлығының «Үздік эпизодтық рөл» номинациясын С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртісі Құрман Бекмурзаұлы Игибаев, «Жылдың театр режиссері» номинациясын аталған театр режиссері Мируана Досжанқызы Жанботаева, «Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» номинациясын Жезқазған қаласы халықтар мәдениеті мен достығы үйі «Диндалле» корей халық ансамблінің көркемдік жетекшісі Валентина Владимировна Ким, «Алтын жол» номинациясын ақын, сценарист, драматург, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Ғазиз Елеусізбайұлы Ештанаев иеленді. 

17:12
722

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020