​COVID-19: ҚАРАҒАНДЫДА ӘКІМДЕР СӨГІС АЛДЫ

Санитарлық қызмет пен әкімдіктердің іс-әрекетіндегі қателіктер Теміртау мен Ботақара кентінде коронавирустың өршуіне алып келді. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек осындай қорытындыға келді. Ол инфекцияның таралуына жол бермеу үшін атқарылған жұмыстар әлсіз болғанын атап өтті. Аймақ басшысы Теміртау қаласы мен Бұқар Жырау ауданының әкімдеріне сөгіс жариялады. Бұл туралы облыс әкімдігінің  баспасөз қызметі хабарлады.

— Өткен аптадағы нәтижелер көрсеткендей, жекелеген өңірлерде әкімдер коронавирустың таралуы қандай қауіп төндіріп отырғанына нақты бере алмағанын көрсетті. Жеделдік, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жоқ. Тұрақты эпиджағдайды сақтау бойынша жұмыс әлсіреді. Оның тікелей нәтижесі, дәлірек айтқанда, шаралардың уақытында қабылданбауы деп білеміз. Теміртау мен Ботақарада індет өршіп кетті. Осыған байланысты Теміртау мен Бұқар Жырау ауданының әкімдеріне сөгіс түріндегі тәртіптік жаза жариялаймын, — деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек аппарат кеңесінде.

Облыс әкімі атап өткендей, бұл жарияланған жаза ауырғандардың саны өсуіне байланысты емес, әлсіз жұмыс, жіберіп алған уақыт үшін және эпидемиологиялық тергеудің дер кезінде басталмағаны үшін қолданылады.

— Әкімдер клеешекте өз көрсеткіштерін төмендетпеу үшін арнайы түсіндіремін, — деді аймақ басшысы. — Өткен аптада Нұрқазған кенішінде өршу салдарынан негізгі өсім болды. Жұқтырғандар басқа қалаларға барып, отбасылық іс-шараларға қатысқаны туралы фактілер бар. Барлық осы ошақтарды біз білеміз. Олар оқшауландырылған. Бірақ, егер санитарлық дәрігерлер мен әкімдер дер кезінде бірлескен шешім қабылдаса, оның алдын алуға болар еді.

Сонымен қатар, облыс әкімі санитарлық-карантиндік талаптардың сақталуына бақылауды және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

— Мен кешке қаланы аралып жүремін. Масканы ешкім кимейді, саябақтар мен гүлзарларда адамдар үлкен топтармен жиналады және қашықтықты сақтамайды. Қала және аудан әкімдері, оларға санитарлық талаптарды сақтау қажеттігін түсіндіруді талап етіңіздер. Бірінші кезекте бұл тұрғындарға қамқорлық болып табылады, — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. 

14:05
983

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020