​ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

Қарағанды облысы ТЖ және карантин кезеңінде іскерлік белсенділікті төмендеткен жоқ. Аймақ экономикасы озық қарқынмен дамып келеді. 5 ай ішінде өнеркәсіп көлемі триллион теңгеден асты. Облыста жұмыспен қамтуды қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндама жасады. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы оң бағаға ие болды. Қарағанды облысы көптеген көрсеткіштер бойынша озық өсу қарқынын қамтамасыз еткен көшбасшылардың қатарында тұрғаны атап өтілді.

— Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң серпіні қамтамасыз етілді: өнеркәсіпте (103,2%), ауыл шаруашылығында (102,8%), құрылыста (124,9%), көлік саласында (77,4%), саудада (88,7%). Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 103,2% құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға жоғары, — деді Жеңіс Қасымбек.

Өңдеу өнеркәсібі барлық сала бойынша өсімді көрсетіп отыр, деп атап өтті ол. Металлургия өндірісінің көлемі 7,7%-ға, машина жасау — 14,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп — 10,6%-ға, құрылыс материалдары — 1,6%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары — 26,3%-ға, фармацевтика — 3,8 есе өсті.

Дағдарыс жүйе құраушы кәсіпорындардың қызметіне әсер еткен жоқ. Ірі компаниялар тұрақты жұмыс істеуде.

— «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жалпақ прокат шығаруды 13,1%-ға арттырды. 5 айда өндіріс 945,2 мың тоннаны құрады. Болат шығару саласында да өсу үрдісі байқалған. Егер наурыз айында тәулігіне 7 мың тонна өндірілсе, маусым айының басынан бері 9 мың тонна өнім өндірілді, — деп хабарлады облыс әкімі.

"Қазақмыс" корпорациясы 5 айда 163,4 мың тонна мыс өндірді. Өсім 17% құрады. Сондай-ақ, алтын мен күміс өндірісі ұлғайды.

Облыс инвестициялық белсенділікті сақтап қалды. Жыл басынан бері инвестиция ағыны 220,6 млрд теңгені құрады. «Алтыналмас» алтын өндіру фабрикасы және «Линде Газ» техникалық газ өндіру зауыты секілді екі ірі жоба жүзеге асырылды.

Маусым айының соңына қарай Ағадыр кентінде күн электр станциясы іске қосылуы тиіс.

Жыл соңына дейін облыста 3 500-ден астам жұмыс орнын құруды қамтамасыз ететін 239 млрд теңге сомасына 16 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2020 жылдың соңында өткен жылмен салыстырғанда 30 млрд теңгеге өсіммен 830 млрд теңге инвестиция жұмылдырылады деп болжануда.

Облыста қолжетімді тұрғын үй құрылысы да ұлғайды. 5 айда 171,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2020 жылы өткен жылдың деңгейіне қарағанда 21% өсіммен 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

15:08
606

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020