​ХҚКО-лар БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫС КЕСТЕСІНЕ ҚАЙТА ОРАЛУДА

Қарағанды облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары бұрынғы жұмыс кестесіне ауысады. Енді ХҚО дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Бұрын Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету штабының шешімі бойынша ХҚО жұмыс кестесі ДБ-ЖМ аралығында 09:00-ден 17:00-ге дейін және сенбіде 09:00-ден 14:00-ге дейін болған. Сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы ХҚО-ға тек egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы баруға болады. ХҚО-ларда қарағандылықтар электронды форматта қолжетімсіз «қағаз» жүзіндегі қызметтер (106 көрсетілетін қызмет) мен egov.kz порталында алдын ала ресімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

Бүгінгі таңда электрондық форматқа көшірілген және egov.kz порталында қол жетімді бүкіл мемлекеттік қызметтердің 80 %-дан астамын азаматтар тек өз бетінше немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ғана ала алады, олар енді бұрынғыдай ХҚКО ғимараттарында емес, әкімдіктер, оқу орындары мен медициналық ұйымдар және т.с.с. жерлерде орналасқан.

Қарағанды облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары төтенше жағдайдан кейін қызмет алушыларды 4 мамырдан бастап қабылдай бастағанын естеріңізге саламыз. Осы уақыт ішінде олар 95 мыңнан астам қызмет көрсетті, соның ішінде 25 мыңнан астамы – мамандандырылған ХҚО бойынша.

08:41
330

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020