​СУБҰРҚАҚТАР СҰЛУ КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Биыл қала бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында бірқатар нысандар жаңарып, жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Олардың ішінде қаладағы үш субұрқақ та бар.

Алғашқы құрылысшылар алаңы, Ғарышкерлер бульварындағы және «Наурыз» саябағындағы субұрқақты жөндеу және күтіп ұстау жұмысын «Медет» ЖК атқаруда. Жалпы сомасы 37 млн теңгеден асатын шарт бойынша мердігер сорғыш құрылғылар орнатып, жарықпен безендіруі керек. Сондай-ақ, кей сыртқы плиталарын ауыстыру көзделген.

-Жұмыс бекітілген кестеге сай жүріп жатыр. Ешқандай іркіліс жоқ. 1 маусымда субұрқақтарды іске қостық. Ауыстыратын құрылғылары мен басқа да жұмыстар кестеге сай атқарылатын болады, — дейді Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы Қуанышбек Сансызбаев.

Бұл жобаны жүзеге асыруға барлығы 15 адам тартылса, оның 7-еуі Жұмыспен қамту орталығы жолдамасымен жұмысқа орналасқандар.

08:45
485

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020