Жоғары жауапкершілікті талап етеді

Сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан, оны болдырмау мен алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта жемқорлықпен күреске айтарлықтай мән беріліп келеді. Осыған орай жемқорлыққа алып келетін себептерді білу маңызды болып табылады. Жемқорлықпен күресті алдын-алу шараларын әзірлеуге байланысты, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған алғашқы қадамдарының бірі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құрды. Бұл арқылы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігінің жоғары болуына негізделеді.

Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ашықтық пен әділдік сыбайлас жемқорлыққа шектеу қойылатын құрал болуы мүмкін. Яғни мемлекеттік қызметшілер халықтың әлеуетін көтеруге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады. Сол арқылы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге болады.

Ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету үшін елімізде цифрландыруға көңіл бөлініп отыр. Халық пен мемлекеттің өзара іс-қимылын электронды форматта енгізудің маңызы арта түсуде. Бүгінде рұқсат беру құжаттары электронды үкімет порталы арқылы беріледі. Атап айтсақ «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметініңөтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылып, құжаттарды беру түріэлектрондық түрде беріледі.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер «Тұлғалардың өтініштерін біріңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіліп, тиісті мерзімдерінде қаралып, шешіледі.

Инспекцияның жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жұмыстары, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу бойынша барлық шаралар мекеме басшысының жеке бақылауында.

Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін бұзу мәселесі бойынша сенім телефоны: 8-7102-73-32-72, 8-705-334-69-69 жұмыс атқарады.

А. АХМЕТБЕКОВ,

ҚР АШМ АӨК МИК Жезқазған қалалық аумақтық инспекция басшысы

15:32
352

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020