​НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин де коронавирус жұқтырған. Ол қазір өзін өзі оқшаулады. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі  хабарлады .

«Мәжіліс спикері карантин шараларын қатаң сақтады, соңғы айда қашықтан жұмыс істеді, палатаның жалпы отырыстарын айтпағанда, ешкіммен кездеспеді. Әр пленарлық отырыс сайын ол коронавируске тест тапсырып жүрді. Бірақ, 9, 11 маусымда ол Сенаттан қайтып келген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы бойынша денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын Елжан Біртановтың корорнавирус жұқтырғаны анықталуына байланысты, спикер 16 маусымда кезекті рет тест тапсырды. Өкінішке қарай, оның нәтижесі оң болды. Оған симтомсыз диагноз қойылып отыр», — делінген хабарламада.

Қазір Н. Нығматулин оқшауланып, қашықтан жұмыс істеуде.

«17 маусымға жоспарланған мәжілістің жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді», — делінген хабарламада. 

09:09
624

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020