​ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Жезқазған қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Ол жұмыстардың бір бөлігі жарықтандыру бойынша жүзеге асуда.

Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің мәліметінше қалада жарықтандыру бойынша 14 жоба қолға алынған. Оның алтауы толық аяқталып, іске қосылған. Соның бірі Вокзал маңында орналасқан Пристанционный елді мекенінде жүзеге асуда.

-Мұнда мердігер компания «Горэлектросеть» ЖШС барлығы 177 жарық бағаны мен шамдарын орнатып, қосуға міндеттелген. Бүгінде жұмыстың 90 пайыздан астамы аяқталды. Жақын күндері толық іске қосылады, — дейді бөлімнің маманы Әмір Әлмағанбетов.

Жоба құны 40 млн теңгені құрайды. Барлығы 10 адам жұмысқа жұмылдырылса, оның 5-еуі жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жұмыспен қамтылған. 

09:48
443

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020