​МАЛШЫБАЙДА – ЖАҢА ӘКІМ

Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттарының көпшілік дауысымен Малшыбай ауылының әкімі лауазымына Ерғазы Аянбаев сайланды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 36-1 бабы 11 тармағына сәйкес және Жезқазған қалалық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Малшыбай ауылы әкімінің сайлауы 24 маусымға тағайындалған болатын.

Ерғазы Егізбайұлы Аянбаев 1972 жылы Малшыбай ауылында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ-ның Сәтбаев жолаушылар автокөлігі кәсіпорнының автослесарі болып бастаған ол 2001 жылға дейін механик қызметінде жүрді. Ал, 2005 жылы мемлекеттік қызметке орналасып, күні бүгінге дейін Малшыбай селосы әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарды. 

17:10
595

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020