​Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сала ардагерлері!

Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер еліміздің дамуына зор үлес қосып, жалпыға ортақ құндылықтарды қалыптастырып, бағыт-бағдар бересіздер. Халық сіздерге сенеді, тыңдайды, көп жағдайда қоғамдық көңіл күйді де анықтайтын сіздерсіздер.

Бүгінде сіздерге артылып отырған жауапкершілік жүгі ауқымды. Бұқаралық ақпарат құралдары адамдар үшін қиындықты қалай еңсеруге болады, қиындыққа қалай төтеп береміз, деген мәселелерде «кеңесші» ретінде көрінуде. Әлемді жайлаған пандемиядан сақтану жолдары, басқа әлемдік тәжірибелерді таныстыру арқылы оны еңсеру жолдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы біліп, танысудамыз. Журналистерге тән оперативтілік, білімділік, жан-жақтылық біздің жезқазғандық журналистерде бар қасиет.

Біздің бұқаралық ақпарат құралдарымыз әрқашан шынайы ақпарат тарата отырып, айналада болып жатқан жағдайлардың баршасына жедел үн қосуымен танылып келеді. Біз сіздерге елдің, аймақтың тыныс тіршілігі туралы сыр шертетін жедел де нақты жаңалықтарыңыз үшін рахмет айтамыз.

Мереке күні сіздерге барлық жақсылықты, отбасылық бақыт, тыныштық, шығармашылық табыс, шалқар шабыт және оқырмандар мен көрермендердің сүйіспеншілігін тілейміз!

Жезқазған қаласының әкімі Қ.БЕГІМОВ

Жезқазған қалалық

мәслихат хатшысы С.МЕДЕБАЕВ

18:15
266

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020