​COVID-19: ЖЕЗҚАЗҒАНДА СЕГІЗ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Жезқазған қаласында коронавирус инекциясын жұқтырып сегіз адам қайтыс болды. Бұл туралы қаланың көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы хабарлады.

«Бүгінгі таңда қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталған 613 адам анықталды. 8 адам қайтыс болды. Олар – 81, 82, 92, 76, 66, 68, 59 жастағы зейнеткерлер және 54 жастағы бір медициналық қызметкер» делінген хабарламада.

Басқарманың хабарлауынша, осы күнге дейін 52 адам жазылып шықса, 561 адам емделуде.

«341 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың 69-ы Сәтбаев қаласындағы провизорлық бөлімшеге, 70-і Сәтбаев қаласындағы медико-санитарлық бөлімгенің инфекциялық стационарына, 32-і инфекциялық бөлімше боксына, 170-і Жезқазған көпбейінді ауруханасының провизорына орналастырылды. 545 адам үй карантинінде» деп нақтылайды басқарма.

Сондай-ақ, науқастармен байланысты болған 1112 адам анықталған. Оның 268-і «Жомарт» кенішінің жұмысшылары көрінеді. 

Басқарма сондай-ақ, карантин кезінде мобильдік топтар қаладағы 721 нысанды тексеріп, 25 нысаннан карантин кезіндегі қаулы талаптарын бұзу анықталғанын хабарлады. 

09:37
1224

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020