Байқоңыров оқулары жалғасын тапты

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай Байқоңыров оқулары өтті.

Соңғы жылдары халықаралық деңгейде ұйымдастырылып жүрген ғылыми конференция «Қазіргі қоғамның трансформациясындағы инновациялардың рөлі» тақырыбында өткізілді. ХІХ рет мысты шаһар төрінде Қазақстан ғылымы мен білімі аясындағы оқытушылар мен ғалымдардың еңбектері ұсынылған конференция «Өнеркәсіптік индустрия саласындағы әлемдік үрдістер», «Білім берудегі жаңа технологиялар және білікті мамандарды дайындау», «Қазақстан экономикасының стратегиялық дамуындағы болашағы мен бағыты» секциялық бағыттарында өрілді. Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімәлік Тәкішев ашқан пленарлық мәжіліс одан әрі Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов және Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысовтың құттықтау лебізімен жалғасты.

Конференция барысында шараның құрметті қонағы, академик Өмірхан Байқоңыровтың қызы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Әлия Байқоңырова әке өмірі мен еңбек жолы туралы баяндама жасады. Аймағымыздағы мектеп, колледж мұғалімдері мен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Ө.байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, сондай-ақ, К.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті және Қытайдың Орталық-оңтүстік университетінен барлығы сексен екі баяндама қатысқан Байқоңыров оқулары қатысушыларға Алғыс хаттар табыстаумен мәресіне жетті.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

18:11
435

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020