​ФИЛАРМОНИЯҒА КӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Аймағымыздың 46 жылдық тарихы бар бетке ұстар өнер ордасы Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы қызметкерлерін көптен бері көлік мәселесі толғандырып жүрген еді. Бүгін «Tranco Express» компаниясының қолдауымен филармония ұжымы су жаңа көлікке ие болды. Компания сыйға тартқан, құны 11 млн теңгені құрайтын «GAZelle Next» маркалы көлік 17 адамға шақталған.

– «Tranco Express» компаниясы – 2019 жылы мамырда құрылған жас компаниялардың бірі. Бүгінгі жайт біз үшін де ерекше есте қаларлық оқиға болмақ. Себебі, бұл – «Tranco Express» компаниясының алғашқы демеушілік етіп отырған игілікті ісі. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді деген сенемдеміз. Мысты шаһар төсіндегі өнер ұжымындағы тасымал құралының өте ескі екенін баяндаған филармония басшылығы «Қазақмыс» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың атына хат жазған болатын. Соған сай, біз корпорациямен әріптес компания ретінде қырыққа жуық қызметкер жұмыс істейтін өнер ұжымына көмек көрсетіп, көлік кілтін табыстағанды жөн санадық, – деген «Tranco Express» компаниясы бас директорының орынбасары Медет Бекетаев барша филармония әртістеріне шығармашылық табыс тіледі.

Карантин тәртіптері сақтала отырып Халықтар достығы мен мәдениеті үйі ауласында өткен шарада жаңа көлікті ұжым мүшелері зор қуанышпен шашу шашып күтіп алды. Филармония басшысы міндетін атқарушы Нұрлан Хамзин «Tranco Express» компаниясының бас директоры Әділ Медеуовке разышылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

11:51
508

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020