​Жеңіс ҚАСЫМБЕК: АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Қарағанды облысында қосымша ПТР-зертханалар, провизорлық стационарлар мен пульмонологиялық госпитальдар ашу үшін шаралар қабылдануда. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек « Saryarqa » телеарнасының тікелей эфирінде  мәлімдеді .

Өңір ауруханаларындағы төсектер саны 4 200-ге өсті. Қарағанды облысында барлығы 20 инфекциялық бейіндегі медициналық нысан және 14 пульмопровизорлық госпиталь жұмыс істейді.

— Инфекциялық бөлімшелердегі жүктеме 81%, провизорлық бөлімшелердегі жүктеме 79% құрайды. Мысалы, Қарағанды бойынша бүгінгі күні жұқпалы аурулар стационарларында 1 264 төсек бар, оның 141-і бос. Провизорлық стационарларда барлығы 720 төсек, бос 118 төсек бар. Дегенмен, біз жұқпалы және пульмопровизорлық төсек санын арттыру бойынша шаралар қабылдаймыз, — деді аймақ басшысы.

Қарағандыда 350 орындық пульмопровизорлық госпиталь ашылуға дайын. Ол компьютерлік томографпен және тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеуге қажетті медициналық газ берудің заманауи жүйесімен жабдықталған.

Жезқазғанда жақын арада 350 орындық провизорлық стационар жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда 250 төсекке шақталған инфекциялық госпиталь пайдалануға беріледі.

Балқашта да 100 төсектік пульмопровизорлық стационар ашылады.

Облыстың басым бағыттарының бірі ауруханалар мен госпитальдарды техникалық жабдықтау болып табылады. Соңғы аптада 47 ӨЖЖ аппараты, әрқайсысы екі пациентке арналған 160 оттегі концентраты және 146 пульсоксиметр сатып алынды.

— Қазір қосымша 80 ӨЖЖ аппаратын және 1 200 оттегі концентраторларын, 500 пульсоксиметрлерді, 16 сандық рентген — аппаратты, 3 дана орталықтандырылған медициналық газдармен қамтамасыз ету жүйесін және басқаларын сатып аламыз, — деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Облыста тәулігіне 3 мың талдау шығаратын үш ПТР-зертхана (екеуі Қарағандыда және біреуі Жезқазғанда) жұмыс істейді. Осы аптаның соңында Теміртауда ПТР-зертхана жұмысын бастайды, тамыз айында Балқашта ашылады.

Өңірде 16 компьютерлік томография кабинеті бар. Осы аптада Қарағандыда тағы бір компьютерлік томографты орнату аяқталады. 20 шілдеге дейін Шахтинскіде іске қосылады. Облыста қазан айына қарай барлығы 21 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істеуі тиіс.

Облыста эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты 27 жаңа жедел жәрдем бригадасы жолға шықты. Шақыруларға барлығы 122 көлік шығады.

— Қазір мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ауруларды халық емімен және басқа да баламалы әдістермен емдеу бойынша көптеген дәйексіз ақпарат таратылуда. Айта кету керек, ауыр ауруларды емдеу, антибиотиктерді тағайындаумен тек дәрігерлер ғана айналыса алады. Өзін-өзі емдеу өлімге дейін әкелуі мүмкін, — деп атап өтті облыс әкімі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек брифинг барысында аймаққа дәрі-дәрмек жеткізу туралы да айтып берді. Бөлшек дәріхана желілеріне жақын арада дәрі-дәрмектердің ірі партиялары жеткізілетін болады.

Қоймаларға ингавириннің 10 мың орамасы, азитромициннің 15 мың орамасы және цефтриаксон келіп түсті. Сондай-ақ, арпефлю жеткізіледі деп күтілуде. Жақын арада парацетамолдың 190 мың орамасы облыстың дәріханалық желісіне жөнелтіледі.

Маусым айының соңғы күндері дәріханалық желілерден ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктердің кейбір түрлерінің бір айлық қоры сатып алынды. Және де жеткізу тоқтатылған жоқ.

Аймақ басшысы дәрі-дәрмектерде алыпсатарлыққа жол берілмейтінін атап өтті. Пандемия кезінде қажылық пайдаға кенелу кейбір науқастардың өмірін арашалап қалуға кедергі болуы мүмкін.

— Дәрі-дәрмектердіің бағасын өсіріп сататындардың барлығын қатаң жаза күтетінін ескерткім келеді. Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату — бұл адамгершілікке жатпайтын нәрсе. Біз дәріханаларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуын анықтау бойынша мониторингтік топтар құрдық. Егер дәрі-дәрмектерді дәріханадан тыс сату фактілері анықталса, полицияға жүгіне аласыздар. Қазірдің өзінде ұсталғандар бар, — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Өңір дәріханаларына дәрі-дәрмек жеткізу үнемі бақылауда.

Өнім қауіпсіздігіне қатысты. Қарағанды облысының азық-түлік қоймаларында және тұрақтандыру қорында 57 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар. Жеткізумен еш іркілістер жоқ.

Жақын арада картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық және өсімдік майының ірі партиялары келіп түседі.

Осы жылдың наурыз айында болғандай, оларға деген сұраныс үш есе артса да, қолда бар азық-түлік өңірдің барлық тұрғындарына жеткілікті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бақылауда. Алаңдауға негіз жоқ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 

16:18
471

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020