​АНТИБИОТИК ІШЕМ ДЕП ӘЛСІРЕП ҚАЛМАҢЫЗ

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева коронавирус жұқтырған науқастар антибиотик қабылдауға асықпауы керек дейді.

-Қазіргі уақытта КВИ жұқтырғандардың еш қадағалаусыз антибиотик қабылдап жатқанын байқадық. Антибиотиктер ағзаның иммундық жауабын қалыптастыруға қажетті ішек микрофлорасын бұзады. Сәйкесінше, пациенттің иммунитеті одан әрі төмендей түседі. Одан бөлек, қажетсіз антибиотикті тағайындау – микроағзаларды бактерияға қарсы заттарға тұрақты және төзімді етеді. Бұл – өте өзекті жаһандық мәселе деуге болады, адам бойында антибиотикті сезбейтін микроағзалар штаммы пайда болады және келешектегі бактериялық инфекцияларды емдеу ісіне ықпал етеді, — деді дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда.

Сонымен бірге, дәрігер ауыр инфекцияларда ғана қолданылатын резервті антибиотиктердің де пайдаланылып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

-Оған жол беруге болмайды, себебі пациенттің жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін. Бактериялық компонент болған кезде коронавирусты антибиотиктермен тек дәрігердің нұсқауымен ғана емдеу қажет, — деді Р. Қарабаева.

11:22
171

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020