​Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады

2020 жылдың 13 шілдесінде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Бұған дейін Президент Қ.Тоқаев 13 шілдені коронавирус пандемиясынан қаза болғандарды аза тұту күні деп  белгілеген болатын.

Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты бір талабы жоқ. Шешім оқиға кезінде қабылдануы мүмкін. Әдетте кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда, өзге де қайғылы жағдайлар кезінде аза тұту күні жарияланады. Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін. Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимараттарындағы Мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

11:45
485

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020