​«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасы тікелей эфирде көрсетіледі

Аза тұту күнінде «Хабар »  агенттігі мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле, радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді.

2020 жылдың 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын Qazaqstan ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.

22:58
152

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020