​ХАЛЫҚ САНАҒЫ БИЫЛ ӨТПЕУІ МҮМКІН

Пандемияға байланысты халық санағы келесі жылға шегерілуі ықтимал, деп хабарлайды  ҚазАқпарат .

«Жалпы Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Мұндағы негізгі себеп – халықтың мен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз», — деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

15:20
313

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020