МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВАНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қоғам қайраткері, эколог, экономика ғылымдарының докторы Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекованың дүниеден өтуіне байланысты оның жұбайы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбековке және отбасы мен жақындарына көңіл айтып,  жеделхат жолдады.

«Салтанат Темірқұлқызы әр жылдары қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жетілдіру, сондай-ақ, «Жасыл» экономиканы дамыту бағытында көп іс атқарды. Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағының тең төрайымы, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып, еліміздегі саяси-қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

Салтанат Рахымбекова 3 тамызға қараған түні қайтыс болды. Ол пневмониямен ауырып, 11 шілдеде жансақтау бөліміне түскен болатын.

Салтанат Рахымбекова 1965 жылы 18 ақпанда бұрынғы Шымкент облысының Жамбыл ауылында дүниеге келген. «Жасыл экономика», экология саласында республикаға танымал қоғам қайраткері 2020 жылғы 24 маусымда Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып сайланған еді.

«Құрмет» орденімен, бес мерейтойлық медальмен марапатталған, Халықаралық «Жасампаздық» қоғамдық сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы.

Біздің ТЕЛЕГРАМ каналымызға жазылыңыз!

11:15
307

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020