​ТЕАТРҒА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Мысты шаһар төріндегі өнердің қарашаңырағы саналатын С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұдан былай өнер ұжымына Досхан Сәкен жетекшілік етеді.

– Серке театры – тек Қарағанды облысына ғана емес бүкіл елімізге белгілі, абыройлы театрларлың бірі. Бұл ұжым талай республикалық өнер додаларында бас жүлделерді сан мәрте қанжығасына байлады. Театр әртістерінің де жеткен жетістіктері аз емес. Көптеген мемлекеттік марапаттардың иесі атанған әріптестеріңіз жаңа басшыға жол сілтеп, демеу боларына сенемін. Алты айлық сынақ мерзімі ішінде бүгінге дейін жинаған барлық іс-тәжірибеңізді ортаға салып, елдің ыстық ықыласына бөленесіз деп ойлаймын. Алдағы ісіңізге сәттілік тілеймін! – деді басшыны ұжымға таныстыру рәсімінде ізгі лебіз-тілегін білдірген Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев.

Шара барысында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Досжан Жанботаев жаңа басшыны ұжым қызметкерлерімен таныстырып, батасын берді.

1988 жылы туған Досхан Сәкенұлы 2004-2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясы колледжін театр актері мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013-2016 жылдар аралығында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған.

2008-2009 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің аппаратының жастар саясасын дамыту мемлекеттік қоры жанынан құрылған «JAS-ART» орталығының жетекшісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясындағы «Шығармашылық лабораторияның» продюдері болып жұмыс істеді.

2011 жылдың тамызы мен 2013 жылдың наурызы аралғында «Қазығұртфильм» ЖШС-де арт-директор қызметін атқарды.

2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың тамызына дейін «Алашұлы» этно-тобының PR директоры болды. 2016 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың қарашасына дейін «СINEMA COMPANY-28» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды.

2019 жылдан бастар М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, театр директорының ұйымдастыру мәселелері бойынша орынбасары, республикалық «Қазақстан зияткерлік меншік құқықтарын басқару қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып еңбек еткен.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

17:35
756

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020