​КАРАНТИНГЕ АТҮСТІ ҚАРАҒАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

Карантин режимі қайта күшейтілген соң 2020 жылдың 3 шілдесінде Жезқазған қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №38 қаулысы жарияланды. Осы қаулыда кәсіпкерлік нысандарға қойылатын арнайы талаптар көрсетілген.

Бизнес өкілдерінің карантин режимінің шектеулерін орындау деңгейін қадағалап, тексеру үшін сала мамандарынан құрылған мобильді топ кезекті рейдке шықты. Рейд кезінде 298 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, 44 нысанда бұзушылықтар анықталды, 35 нысанға айыппұл салынды. Атап айтатын болсақ, 22 азық-түлік сауда орны, 7 қоғамдық тамақтану нысаны, екі қонақ үй мен екі көлік жуу орталығы, бір дәріхана, сондай-ақ, бұқаралық іс-шара өткізген жеке тұлға жауапқа тартылды. Олар төлеуі тиіс айыппұлдың жалпы көлемі – 8 570 130 теңге. Карантин режимін бұзған өзге 9 жеке кәсіпкердің ісі әлі орындалу үстінде.

Рейдтік тексеріс кезінде жеке кәсіпкерлік иелері көбінесе төмендегшідей талаптарпды бұзуға жол бергені анықталды. Қызметкерледің дене қызуын өлшейтін журналды жүргізілмейді, тұтынушылар арасындағы кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақталмайды, ғимаратқа кіреберісте қолды өңдеуге арналған антисептиктер дұрыс орнатылмайды. Сонымен қатар, дезинфекциялық құралдардың атауын білмейтін, дезинфекциялық құралдарды қолдануға арналған нұсқаулық жоқ кәсіпкерлер дезинфекциялық құралдарды есепке алмайтыны тағы бар. Ол өз кезегінде жүргізілген дезинфекциялық тиімділігін төмендетеді. Көкөністер мен жемістерді қоспағанда азық-түлік өнімдерін орамасыз сату, жеке қорғау құралдарының тиісті қоры бола тұра, әр 2-3 сағат сайын бетперде, қолғапты уақытылы ауыстырмау, қызметкерлер мен тұтынушыларға арналған қол жуатын бөлмеде қолды өңдеуге арналған антисептик жоқтығы, автокөліқ жуу бекеті, шиномонтаж бен техникалық қызмет көрсету тұрақтарынан жұмыс істеу уақытының сақталмауы сынды бұзушылықтар да жиі кездеседі.

–COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында жоғарыда көрсетілген талаптарын шағын және орта бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлікте қатаң орындалуы қажет. Сонда ғана адам өмірін жалмаған қатерлі дерттің тамырына балта шабылмақ. Мобильді топтың жұмысы әлі де жалғасып, карантин талаптарын орындамаған заңды тұлғалар жауапқа тартылатын болады.

Диана ОРАЗАЛИНА

09:07
362

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020