ЖЕЗҚАЗҒАНДА – ЖАҢА ӘКІМ

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Жезқазған қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды.

Президент Әкімшілігінің келісімін ала отырып, қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Жезқазған қаласының әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды.
Бұған дейін Жезқазған қаласының әкімі қызметін Қайрат Баяндыұлы Бегімов атқарып келген. Ол бұл лауазымға 2018 жылғы 22 маусымда тағайындалған болатын.
ӘБСАТТАРОВ Қайрат Бектайұлы
Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров 1966 жылы 21 маусымда Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы, 1998 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Мәскеу қаласындағы «МИСжС» ҰҒТУ-да оқыған. Іскери әкімшілдендіру магистрі.
Әр жылдары автокөлік саласының өндірістік кәсіпорындарында, Жезқазған облыстық әкімшілігінде қызмет істеген.
1998-2003 жж. – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері.
2003-2006 жж. — Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттігінде бөлім меңгерушісі.
2006-2010 жж. – «Қазақтелеком» АҚ-ның атқарушы директоры, бас әкімшілік директоры.
2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасының байланыс және ақпараттандыру министрлігінде жауапты хатшы.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.
2013 жылдың наурыз- қазаны – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы.
2013 ж. – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2015 ж. –Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2015-2018 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі бас директоры – Басқарма мүшесі.
2018-2019 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 25 сәуірінен – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.
12:35
171

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020