«ПАРЫЗ» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» №523 Жарлығына сәйкес, Қазақстанның жеке кәсіпкерлік нысандарының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік үрдістерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені игеруге ынталандыру мақсатында жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленді.

Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде жеке кәсіпкерлік нысаны кәсіпкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (номинациясында тұтас алғанда қоғамның және атап айтқанда өз ұйымы қызметкерлерінің еңбекті қорғау саласында бағытталған бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);

3) «Үздік ұжымдық шарт» (номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады).

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» (номинациясында талапкердің корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ұстанымдардан жоғары нәтежеге жеткен қызметі қаралады)

Қазақсан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен бекітілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережесі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында жарияланған ( www . enbek.kz .).

«Парыз 2020» конкурысына қатысуға сұраныстар 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қағаз және электронды түрде қабылданатынын естеріңізге саламын.

Жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы ақпарат (сонымен қатар жарияланымдар) және конкурсқа қатысқысы келетін әлеуметтік бағытталған бизнес компанияларының тізімі ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 1-не қарай 765670 факсына, эл.пошта: sektor_zan@mail.ru немесе пошта арқылы: 100600, Жезқазған қ. Ғарышкерлер бульвары, 39 А. «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» ММ ұсынсын.

Тел: 763323; 765670.

15:03
228

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020