​ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Барлық қала мектептерінде жаңа 2020-2021 оқу жылы «СДОТ Білімал»платформасы арқылы қашықтан оқу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жезқазған қаласының білім беру бөліміне қарасты 20 мектеп бар. Оның 16-сы қалада орналасқан жалпы мектеп, 1-уі кешкі мектеп және 4-уі ауыл мектебі. Оқушылар саны (жоба) – 14517, оның ішінде ауыл мектебінде – 561. Бүгінгі күнге (10.08.2020) дейін 1 сыныпқа 1675 оқушы қабылданды (жоба – 1900).

1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналар өтінішіне сәйкес бір сыныпта оқушы саны 10-15 оқушыдан аспайтын кезекші сыныптар ашылады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Мектептердегі жалпы компьютерлер саны – 2349 бірлік. 15-18 тамыз аралығында компьютермен қамтылмаған оқушыларға қашықтан оқыту уақытында уақытша пайдалану үшін мектеп тарапынан компьютерлер беріледі. Биыл 170 млн 775мың теңге 560 дана компьютер сатып алынды. Осылайша, 2015 жылға дейінгі 520 дана компьютер жаңартылды. Бүгінде компьютермен қамту көрсеткіші – 1 компьютерге 6,2 оқушыдан келеді. Интернет желісінің жылдамдығы қала мектептерінде – 10 Мбит/сек, ауыл мектептерінде (№2,6,14) – 4 Мбит/сек, №15 Малшыбай ауылының мектебінде – 2 Мбит/сек.

Қазіргі уақытта санитайзерлер, тепловизорлар, дезковриктер мен медициналық маскаларды сатып алуға 6 млн 900 мың теңге сомасына баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізіліп жатыр. 22 млн 500 мың теңгеге 73 дана кварцтық лампалар сатып алынды.

Каникул уақытында мұғалімдерді онлайн режимінде заманауи автоматтандырылған жүйелерде оқушыларға сабақ өткізуге дайындау мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырылып жатыр.

Ата-аналар мен оқушылар үшін «Instagram» әлеуметтік желісі мен «ZOOM» платформаларында тікелей эфирлер арқылы «Отбасы сағаты» жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты – қашықтықтан білім беру мәселелері бойынша түсіндіру-кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Эфир аптасына 1 рет, бейсенбі күндері сағат 17.00-де «Instagram»-дағы @karagandyoblysybilimbaskarmasy аккаунтында, әр жұма күндері сағат 17.00-де Жезқазған қаласының білім бөлімінің «Instagram»-дағы @zhezgoroo аккаунтында өтеді.

Оқулықтарды сатып алуға 148.5 млн теңге (11 баспадан), оның ішінде тасымалдауға 1млн.186 мың теңге бөлінді.

Оқулықтарды жеткізуді 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта оқушыларға мектеп кітапханаларының қорындағы оқулықтар таратылып жатыр. 11 сыныпқа арналған жаңа оқулықтарды тарату оқулықтардың келуіне қарай жүзеге асырылады. 1 сынып оқушылары барлық пәндер бойынша жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етіледі.

Айгүл Құдабаева

Жезқазған қаласы білім бөлімі басшысының м.а.  

16:59
295

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020