​ӘЛІБЕК ӘБДІРАШЕВ – «ORTALYQ QAZAQSTAN» ГАЗЕТІ БАС РЕДАКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Saryarqa Aqparat» ЖШС директорының бұйрығымен Қарағанды облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің Жезқазған-Ұлытау аймағы бойынша тілшісі Әлібек Әбдірашев газет бас редакторының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Әлібек Тілеубергенұлы Әбдірашев Ұлытау ауданының «Байқоңыр» аулында орта мектепті бітірген соң еңбек жолын 1975 жылы Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде тілші болып бастаған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген.

Жезқазған облыстық радиосында тілші, жастар редакциясының редакторы, Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» (кейін «Сарыарқа») газетінде өнеркәсіп, құрылыс, транспорт және бөлімінің аға тілшісі, меңгерушісі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде экономика бөлімінің меңгерушісі, халықаралық «Қазақ Елі» және республикалық «Жас Алаш» газеттерінде Қарағанды облысындағы меншікті тілші, аймақтық «Мысты өңір» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде Балқаш, Ақтоғай аймағындағы меншікті тілші болып қызмет еткен. Осы тағайындауға дейін облыстық газеттің Жезқазған-Ұлытау аймағындағы меншікті тілшісі болды.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Ұлттық «Алтын Гефест», республикалық «Алтын қалам» облыстық «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері.

Газеттің бас редакторының орынбасары Ахат Құрмансейіт басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды. 

11:56
648

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020