ЖЕЗҚАЗҒАН ӘКІМІ ВОЛОНТЕРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов қалада бірнеше жылдан бері белсенді әрекет етіп жүрген «Бірлік», «Алтын жүрек», «Жеңіс», «Жігер» волонтерлық клубтарының жетекшілерімен, белсенді жастармен кездесті деп хабарлайды  Saryarqa.info .

Қалалық кітапхана жанынан ашылған Coworking орталығында еркін сұхбат форматында өткен іс-шарада қала басшысы волонтерлар клубтарының биыл атқаратын жұмыстарының жоспарымен танысып, жастардың ойын тыңдады.

Клуб мүшелері де әкімге өз ұсыныстарын айтып, толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. 

Қала әкімі жастарды қоғам өміріне белсенді араласып, сапалы білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Кездесу соңы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челенджге үн қатумен қорытындыланды. Жезқазғандық волонтерлар

эстафетаны қанаттас жатқан Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданының жастарына жолдады. 

17:46
868

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020