​«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ТАРТУЫ

Қашықтан оқу процесінде балалардың алаңсыз білім алуы үшін барынша жағдай жасалуда. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасымен «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы мектептерге ноутбуктар мен роутерлерді сыйға тартты.

Осыған дейін жалпы құны 190 млн теңге болатын барлығы 922 ноутбук пен 201 роутер сатып алынып, үш қалаға үлестірілді. Соның ішінде Жезқазған қаласының білім бөліміне 400 ноутбук пен 85 роутер жеткізілді.

– Пандемия жағдайында жезқазғандық оқушылар мен олардың ұстаздарына қолайлы жағдай жасап, оларға қолдау білдірген облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлы мен «Қазақмыс» корпорациясы басшылығына айтар алғысымыз айрықша. Онлайн оқу кезінде оқушыларымыз сапалы біліммен сусындап, қарым-қабілеттерін аша түседі деп сенеміз, – деді қала әкімі Қайрат Әбсаттаров қала және қалаға қарасты ауыл мектептерінің басшыларына компьютерлер мен роутерлерді табыстап тұрып.

Бұл жабдықтар оқушылардың әлеуметтік жағдайы мен отбасындағы бала санына қарай үлестірілетін болады.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

18:35
423

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020