НАҚТЫ ҚАДАМДАР ҚАЖЕТ

Парламент палаталарының біріккен отырысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялады. Жолдаудағы басты басымдықтар қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға бағытталғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, елдің жаңа экономикалық курсы 7 негізгі ұстанымға негізделді. Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет құру жөнінде шешім қабылданды. Оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіреді.

-Ұлттық табысты қайта бөлу маңыздылығын артып отырғандықтан, бүкіл ел азаматтары үшін түсінікті салық саясатын дамытуымыз керек, — деді Қ. Тоқаев.

Президент Жолдауда сонымен қатар, ауыл мәселесіне назар аударылатынын атап көрсетті.

-2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуға тапсырамын, — деген Президент сөзі сәби сүюді армандап жүрген талай отбасының үмітін тұтатқаны анық.

Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сай балалы болуды армандап жүрген отбасыларға қажетті квота деңгейі белгіленді. Сонымен қатар, баспанамен қамту саласындағы реформалар және «Отбасы» банкінің 5-20-25 бағдарламасы бойынша атқаратын қызметі тұрғын үйге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін туғызады. 2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға қорға жинақтаған ақшасын ала алуы да бұл сектордың жұмысын жеделтетуі тиіс.

-Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралар жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсысымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек, — деген ол түйіні шешілмеген ауқымды міндеттер жайлы баяндай келе, соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажеттігін атап өтті. Ендігі міндет – Жолдауда айтылған тың бастамаларды жүзеге асыру.

Сәкен СМА ҒҰ ЛОВ ,

«Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

17:30
315

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020