ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ЖОЛДАУДЫ ТҮСІНДІРДІ

Қаламызға Қарағанды облысы бойынша ведомствааралық комиссия мүшелері келді. Жезқазған аймағының тыныс-тіршілігімен танысып, жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетуді мақсат еткен олар алдымен «Ютария» ltd» өндірістік-инновациялық компаниясын аралып, жеңіл өнеркәсіп саласы мамандарымен жүздесіп, жұмыс барысымен танысты.

– Ведомствааралық комиссияның Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Жәйрем өңірлеріне арналған сапары нәтижесінде осы аймақтардағы халықтың әлеуеті анықталып, болашақта атқарылуға жұмыстар тізімі әзірленеді. Бүгінгі біздің сапарымыздың негізгі мақсаты – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ай басында Қазақстан Халқына жолдаған Үндеуін кеңінен түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізу. Жолдауда білім-ғылым, денсаулық, салаларын дамытып, жастарға қолдау көрсету мәселесі де орынды сөз болды. Сонымен қатар Жолдауда Мемлекет басшысы пандемия салдарынан күрделі кезеңді бастан өткерген шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жолдарын да айқындап берді, – деген Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымы туралы да толығырақ тарқатты.

Одан әрі «Дидар» телеарнасы мен Жезқазған қалалық полиция басқармасына барған комиссия мүшелері облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Байбосынов Жолдаудағы 11 бағытты толыққанды түсіндіріп берді.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

12:04
300

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020