​ЖАЗДА КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАНДАР ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАЙТА СЫРҚАТТАНУЫ МҮМКІН

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой адам ағзасындағы антидененің жойылуына байланысты елімізде коронавирустан бұрын жазылып шыққандар қайта сырқаттануы мүмкін екенін ескертті .

-Ғалымдардың әртүрлі пікіріне сүйенсек, коронавирусты жеңіл көтерген азаматтардың ағзасында антидене 1 ай уақытқа, ал орта немесе ауыр көтергендердің ағзасында 3-5 айға дейін сақталады. Біздің елде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі осы жылдың маусым-шілде айларына келгені белгілі. Егер біз талдау жасап көрсек, аталған уақыттан 3-5 айдан кейін, яғни қараша-желтоқсан айларында коронавирусты орта немесе ауыр жағдайда көтергендердің ағзасында антиденелер жойыла бастайды. Сол себепті олардың қайтадан ауруға шалдығу ықтималдығы, қаупі бар, — деді Алексей Цой баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрі әлемде коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелгенімен, Қазақстанда мұндай адамның әлі кездеспегенін мәлім етті.

15:08
379

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020