​ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті жезқазғандықтар, қала қонақтары!

Жыл сайын 18 қазанда еліміз Рухани келісім күнін атап өтеді. Бұл дәстүрдің негізі 1992 жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік Рухани келісім конгресінің бірінші сессиясында қаланды.

Ұлтаралық және конфессияаралық келісім — қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін біздің басты игілігіміз. Мәдениетаралық және дінаралық диалог бүгінде Қазақстан Үкіметінің тек ел ішінде ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық шеңберінде жүзеге асырып отырған саясат векторларының бірі болып табылады.

Достық пен бірліктің нағыз үлгісін біздің қаламыздың 9 діни бірлестігі мен 8 этномәдени орталығы көрсетуде. Біз әсіресе қиын пандемия кезеңінде құдайға құлшылық ету, діни, ұлттық рәсімдер мен жиналыстар, ұлттық мерекелерді тойлау тоқтатылған кезде ерекше өзара түсіністіктіктің куәсі болдық. Осы орайда жезқазғандық еріктілер қозғалысына атсалысып, тәулік бойы бекеттерде тұрған медицина, полиция қызметкерлеріне көмек қолын созғандардың барлығына шексіз алғысымды білдіремін. Тек ізігілік пен ақыл-парасат әлемді сақтамақ! Бұл ақиқат!

Қымбатты достар, ешбір қиындықтарға қарамастан, біз рухани біргеміз! Біздің мықтылығымыз осында! Мереке құтты болсын!

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат ӘБСАТТАРОВ

14:11
583

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020