ТӘРТІП БӘРІНЕ ОРТАҚ

Қоғамдық орындарда санитарлық нормалардың сақталуы аса маңызды. Осы тұста арнаулы сақтық шаралары ережесі жиі бұзылатын орындардың бірі қоғамдық көліктер екені де белгілі. Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Жезқазған қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары бастаған мобильді топ өкілдері қалаішілік автобустарды аралап, тұрақты түрде рейд жүргізуде. Сол рейдтердің біріне біз де қатыстық.

– Автобус іші әрбір айналым сайын зарарсыздандырылып отырады. Жолаушыларды тасымалдаудың да өз тәртібі бар. Мысалы, автобус жүргізушісі маска тағып, медициналық қолғап киіп отыруы керек. Соған сай барлық жолаушыларда да маска болуы керек және олар автобусқа кірер бетте қолдарын антисептикпен залалсыздандырғаны абзал. Сонымен қатар, автобус жүргізушісі көлікте бекітілген орындардан артық жолаушыларды тасымалдамауы керек, – деген Жезқазған қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы Сәкен Құлахметов бірінші күні көлік жүргізушілері мен жолаушылар тарапынан ешқандай тәртіп бұзушылық болмағанын жеткізді.
Екінші күні мобильді топ өкілдері №8 бағыттағы үш, №11 бағыттағы екі қоғамдық көлікке бақылау жүргізді. Соның ішінде, 11-бағыттағы бір автобуста көлік жүргізушісінің жоғарыда аталған талаптарды сақтамағаны және маскалық режімді ескермегені анықталып, айыппұл салынды.
Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН
11:56
115

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020