​САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазанның соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға – қарттар мен мүгедектерге, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға күн-түн демей айрықша қолдау білдіріп, олардың жақсы жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі қашанда мақтауға тұрарлық. Асқан жауапкершілік пен берік төзімді талап ететін кәсіп иелері 2011 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан мерекені биыл да ерекше көңіл-күймен қарсы алды.

Кәсіби мереке қарсаңызда жезқазғандық сала мамандары да елеусіз қалмады. Бір топ әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері арнайы сый-сыралғылармен марапатталды. Атап айтар болсақ, Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасы Венера Сыздықова мен Бақыткүл Әділхановаға және Гүлсара Нақыпбекова мен Жанат Жылтыркөзоваға табыс етілді.

Ал Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алғыс хатымен осы салада ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан Сауле Тұтқышова марапатталды.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы Жанат Досетоваға, Батима Рахымбековаға, Жұлдыз Рахымбековаға және Әсемкүл Сәдуакасова мен Дана Шорнаеваға табысталды.

Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләйлә Әлкебаеваның Алғыс хатын Алихан Әбдіқапаров, Ақмаржан Ақбергенова және Айым Өмірбекова иеленді. 

16:00
209

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020