​ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ЖЕЛІЛЕР – ЖАУАПСЫЗ ЖҰМЫС «ЖЕМІСІ»

Әкімдіктегі жиында сөз болған келесі мәселе – қараусыз қалған құбырлар мен электр желілері.

Қараусыз қалды» дегенде мүлдем керексіз болып жатқан құбыр да, электр желісі де жоқ. Барлығының бойынан су, электр энеригиясы жүріп жатыр. Тек, қызмет көрсетуші мекемелердің балансына өтпеген. Сондықтан, апатты жағдай орын алса, әлгі мекемелер оны жөндеуден бас тартып, екі ортада тұтынушы зардап шегуде.

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Бапановтың мәліметінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің балансына жалпы ұзындығы 74 км электр желісін қабылдау керек. Бұл туралы сот шешімі осыдан 3 жыл бұрын, 2017 жылғы 1 маусымда шығып қойған. Әкім орынбасары қазір қажетті құжаттар әзірленіп жатқанын айтады. Жақында 25 км электр желісі «Kazakhmys Distribution»ЖШС электр желілері кәсіпорнына тапсырылмақ.

Сонымен бірге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің коммуналдық меншігіндегі су, кәріз және жылу құбырлары «ЖСЖК» АҚ балансына берілмек. Жыл соңына дейін осы кәсіпорынға 66,4 км құбыр тапсырылады деп жоспарланып отыр. Қазір Кеңгір, Талап ауылдарындағы құбырларды бағалау жұмысы жүріп жатыр. Сонымен бірге, Қорғанбай, Талап, Малшыбай, Кеңгір ауылы мен Мамажанов көшесіндегі жылу желілерін «ЖСЖК» АҚ-ға беру туралы қаулы жобасы әзірленген. 

12:24
401

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020