​ЖАҢА ҚҰБЫРЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

2017 жылдан бастап қалада ауыз су құбырлары ауыстырылып жатқаны белгілі. Республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асып жатқан бұл жобалар үш кезеңге бөлініп, 2022 жылға дейін жалғасады.

Бірінші кезең бойынша «Оңтүстік», «Солтүстік», «Жаңа сотүстік» су құбырлары сияқты негізгі желілер жаңартылса, екінші кезекте қала ішілік ауыз су құбырлары, үшінші кезекте орамішілік су құбырлары ауыстырылып жатыр. Бүгінде Пристанционный, Аварийный, 1,2-ауыл тұрғындары жаңа желіден су ішіп отыр.

-Қайта құрылымданатын қалаішілік су құбырлары 1, 2, 3-кезек жобаларының жалпы ұзындығы 224,7 кмқұрайды, оның ішінде магистральды су құбыры –21,1 км., ішкі желілер – 203,6 км. 2017-2019 жылдар аралығында 1,2,3-кезек бойынша құны 2,5 млрд.теңге құрайтын ұзындығы 80,4 кмауыз су құбырлары қайта құрылымданып, жұмыстар толығымен аяқталды. Тек биыл бөлінген қаражат (3,42млрд.тг) есебінен 96,6 кмсу құбырын салу жоспарланған. Есепті кезеңге орындалысы – 45,3км. Жобалардың аяқталу мерзімі – 2021-2022 жылдар, — деді осы мәселе бойынша баяндама жасаған Жезқазған қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Мәруа Келмағанбетова.

Қала әкімі Қайрат Әбсаттаровтың тапсырмасымен осыған дейін тартылған су құбырларын қосу жөнінде жұмыс кестесі әзірленген.

-Бірінші кезекте Сарыарқа көшесімен өтетін «Оңтүстік» су желісі қосылады деп жоспарланып отыр. Екінші кезекте 5,6-ықшамаудандардағы құбырларды іске қосуға дайындық пысықталып жатыр. Үшінші кезекте, 61, 62, 63, 64, 65, 66-орамдарды қосу міндеті тұр, — деді М. Келмағанбетова.

Қала басшысы Қайрат Әбсаттаров жаңадан тартылған құбырлардың сапасын «ЖСЖК» АҚ мамандарымен бірге тексеріп, құбыр қосылғаннан кейін апатты жағдайларды болдырмаудың қамын жасауды қатаң тапсырды.

-Құбырлар сапасыз тартылған болса, онда оны жөндеу, қалпына келтіру – мердігерлердің мойнында. Қарашаның соңына дейін біз дайын болған жаңа құбырларды кезең-кезеңмен желіге қоса бастаймыз, — деді жиынды қорытындылаған қала басшысы Қайрат Әбсаттаров. 

14:32
228

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020