​ІНДЕТТІ ТЕК ЖАУАПКЕРШІЛІК АРҚЫЛЫ ЖЕҢЕМІЗ

Талап селосында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермей, індеттің алдын алу мақсатында енгізілген карантин талаптары қатаң сақталуда. Ауыл әкімшілігі тарапынан құрамында әкімдік маманы, ауыл медбикесі мен учаскелік полиция қызметкері бар мобильдік топ құрылып, тұрақты түрде халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде алдын алу шаралары шеңберінде селолық округте барлық жеке меншік нысандар және мекемелер дизенфекция шараларын қатаң сақтайды.

Әкімдік қызметкерлері және мобильді топ мүшелері вирустан сақтану мақсатында ауыл тұрғындарына көпшілік орындарға бармауға, жиын-тойлар өткізбеуге және көшеде аса қажеттіліксіз жүрмеуге шақырады. Бүгінде ауылдағы ахуал – тұрақты.

Қажетті дәрілік препараттардың қоры Жезқазған қаласы әкімдігі бастамасымен қалалық емханасының қолдауымен ашылған әлеуметтік дәріханада бар. Ауылдың № 14 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылында 8 кезекші сынып ашылған. Қазақ тілді даярлық сыныбында 17 оқушы, орыс сыныбында 4 оқушы, 1-сыныпта 7 оқушы, 2-сыныпта 10 оқушы қазақ тілінді, 2 оқушы орыс тілінде, 3-сыныпта 6 оқушы қазақ, 1 оқушы орыс тілінде, 4-сыныпта 11 оқушы қазақ, 4 оқушы орыс тілінде дәстүрлі түрде білім алуда. Осылайша, кезекші сыныптардағы оқушылардың саны 41 балаға жетіп отыр. Жоғарғы сынып оқушылары қашықтықтан білім алады.

Мектепте санитарлық талаптар барынша күшейтілген. Балалар бір кабинетте оқиды, үзілістер әр түрлі уақытта болады. Кіреберісте оқушылардың дене қызуы өлшенеді. Желдету, кварцтау және дымқыл тазарту режимдері күшейтіліп, дизенфекциялық кілемше мен антисептиктер қойылған.

Талап ауылдық медбике маманы егде адамдарға, кішкентай балаларға, жүкті әйелдер мен созылмалы дерттері бар тұрғындарға тұмауға қарсы тегін екпе салуда.

Ауыл тұрғындарынан қарантиндік режим шараларын мүлтіксіз орындауларын сұраймыз. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, үнемі маска кию мен қоғамдық орындарға барудан бас тарту, жеке басының тазалығына баса назар аудару Сіздің ғана емес, жақыныңыздың да өмірін қатерлі дерттен сақтап қалмақ. Сондықтан, карантин талаптарын орындап, жауапкершілік танытуға шақырамын.

Ғабид БИТЕНОВ,

Талап ауылының әкімі

12:22
149

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020