​САҚТЫҚҚА ШАҚЫРДЫ

Коранавирус қарттар үшін аса қауіпті. Созылмалы ауруы барлардың дертін одан әрі қоздырып, өлімге дейін душар ететін бұл індеттің тырнағына жиі ілігетін және одан сауығып кету мүмкіндігі аз жандардың қатарында қарттардың үлесі басым болып тұр.

Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы 60-тан асқан егде жастағыларға бей-берекет жүрісті азайтып, кісі қарасы қалың жерлерге шықпау керегін айып дабыл қағуда. Қауіпті дерттің алдын алу мақсатында Жезқазған көшелерінде жүрген қартаң кісілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

–Әрине, күнделікті емін-еркін жүріп, той-томалақтан қалмай жүрген қариялар үшін аяқ-астынан үйреншікті тірлігін тыйып, төрт қабырғаға қамалуы оңай емес екенін білеміз. Жасы келген сайын үлкен кісілерде бала сияқты болып кетеді ғой. Оларға «үйде отыр» десе көңіліне алып, ренжіп те қалып жатады. Бүгінгі рейдті Алашахан даңғылынан бастадық. Әсіресе, сауда орталықтары көп С.Сейфуллин көшесі бойында, аялдамаларда қария кісілер көп жүрді. Біз олармен сөйлесіп, карантин кезеңінде, алдағы уақытта аурудың өршуіне жол бермеу үшін егде жастағылар мен зейнеткерлерге барынша үй жағдайында отырып, оқшаулану қажетін түсіндірдік. Ата-әжелеріміз айтарлықтай қарсылық танытпады. Сонда да тұрғындарға тағы бір мәрте аталған індетке бей-жай қарауға болмайтынын ескерткіміз келеді, – деді түсіндіру тобының мүшесі Жезқазған қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлім меңгерушісі Еркін Қуанышов.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН 

13:24
146

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020