​ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭПИДАХУАЛ БАҚЫЛАУДА

« Saryarqa » телеарнасында Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Н ұрлыбаев, облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Юрий Залыгин және облыстық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Қожахметованың қатысуымен онлайн брифинг өтті.

Қазіргі таңда көпті алаңдатып отырған басты мәселе – коронавирус індетінің екінші толқыны. Осы жайлы кеңінен тарқатқан Ержан Нұрлыбаев эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда екенін жеткізді.

– Көктем мен жаздағы тәжірибеге сүйене отырып, мобильді қызмет көрсету топтарының санын арттырдық. Бүгінде облыс бойынша 280 топ жедел қызмет көрсетеді. 122 жедел жәордем көлігі жұмыс істеп тұр. Келесі жылға дейін барлық жедел-жәрдем көліктерін жаңарту көзделуде. Облыс бойынша тұрғындар ПТР тестін өтуге қатысты қиындықтар туындайтынын айтқан болатын. Қазіргі уақытта 8 ПТР лабораториясы Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында азаматтарға қызмет көрсетуде. Ай соңына дейін Балқаш қаласында да жаңа ПТР лаборатория іске қосылатын болады. Жезқазған қаласында 200 орындық инфекциялық стационар ашылды. Осындай 100 адамға шақталған ем көрсету орталығы желтоқсанда балқаштықтардың да игілігіне берілмек, – деген ол облыстағы дәрі-дәрмек қоры 3 айға жететінін мәлімдеді.

Облыс бойынша осы уақытқа дейін 10753 адам коронавируспен ауырса, оның 52,8 пайызы симптомды науқастар екенін бас санитарлық дәрігер де өз сөзінде тұрғындарға кісі қарасы қалың жерлерге, той-томалаққа баруды доғаруды сұрап, туған-туыстарыңыздың денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарау керегін ескертті. Қарағанды облысы аумағына қазір 8 санитарлық бекет қойылған.

ІІ тоқсаннан бастап мектептерде 5-сыныптар үшін де кезекшілік сыныптар ұйымдастырылатын болады. Әр кезекші сыныптағы оқушы саны 15 баладан аспауы қажет. Нәтижесінде 6155 кезекші сыныпта 77804 оқушы оқыса, оларға 2962 бастауыш пәні мұғалімі, 3945 пән мұғалімдері сабақ береді. Ал штаттық режімде оқитын 281 мектепте 28781 бала білім алмақ.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

16:25
250

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020