«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

НҰР-СҰЛТАН.   ҚазАқпарат – «Ақ жол» демократиялық партиясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партияның сайлауалды XVI съезінде үміткерлер тізімі бекітілді. Аталған тізімде 38 кандидат бар: 

1. Әбділманова Ботагөз Төңкербайқызы, қаржы сарапшысы, аудитор. Нұр-Сұлтан қаласы 

2. Әбжанов Тұран Әлімханұлы, 25 жаста. Жас кәсіпкер. «Заңғар» сауда үйінің құрылтайшысы, қазақ тіліндегі бірінші бизнес-мектептің және «World-Class-Шымкент» әмбебап фитнес-клубының басшысы. 

3. Әбілдаев Азамат Рахатұлы, «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры. Жамбыл облысы, Мәжілістің 5 шақырылым депутаты. 

4. Әрбиев Қанат Төлебайұлы, Алматы қаласы, «FOOD INVEST GROUP» ЖШС бас директоры. 

5. Бадашев Алмаз Бекетұлы, Батыс Қазақстан облысы, «West Gas Oil РТЕ. LTD» ЖШС басшысы. 

6. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы, Мәжілістің 6 шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясы басшысының орынбасары. 

7. Васильев Дмитрий Владимирович, «СемАЗ» акционері, қазақстан агроинновациялық корпорациясының құрылтайшысы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары. 

8. Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы, Мәжілістің 6 шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары. 

9. Елубаева Марал Қуандыққызы, Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессоры, декан орынбасары. 

10. Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Атырау облысы, «Атырау Констракшн Сервисез Лтд» ЖШС бас директоры. 

11. Еспаева Дания Мәдиқызы, Мәжілістің 6 шақырылым депутаты, Қазақстан президенттігіне үміткер болған бірінші әйел, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. 

12. Жампейісов Рамазан Көпесбайұлы, Нұр-Сұлтан қаласы, «Эко-Жер» экологиялық бастамалар қауымдастығының атқарушы директоры. 

13. Жұмабаева Айгүл Қызырқызы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің хатшысы, парламенттік фракция аппаратының басшысы. 

14. Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы, Еуразия университеті жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры. 

15. Жұтаев Махаббат Сағынбайұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика саласындағы бірқатар ЖШС құрылтайшысы. 

16. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті, ақын, публицист. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. 

17. Қабикенова Мәрияш Майрамбайқызы, Алматы облысы, «Жетісу» кәсіби басқарушылар одағының төрағасы. 

18. Қазбекова Меруерт Айткажықызы, Мәжілістің 5 және 6 шақырылым депутаты, Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағының төрағасы. 

19. Кенесары Алмас Үсенұлы, Нұр-Сұлтан қаласы, «Өркендеу-холдинг» бас директоры. 

20. Құттыбаев Еркен Жұмағатұлы, «Кедентранссервис» АҚ атқарушы директоры. 

21. Линник Андрей Григорьевич, Алматы қаласы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Аспара Мұнай» компаниясының акционері және басшысы. 

22. Момышев Болат Амангелдіұлы, Жамбыл облысы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің төрағасы, кәсіпкер. 

23. Молдашева Әйгерім Қанаткызы, «AirAstana» компаниясы Боинг 767 ұшқышы, АҚШ Оңтүстік Калифорния университетінің магистранты. 

24. Никитинская Екатерина Сергеевна, Мәжілістің 5 және 6 шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары. 

25. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы, Түркістан облысы, «Гранд-Ханака» ЖШС бас директоры. 

26. Омаров Талғат Төлегенұлы, Шығыс Қазақстан облысы, «КАЗПОЛИГРАФ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы. 

27. Өмірғали Ерлік Қайдарұлы, Ақмола облысы, «Алуа-Строй» ЖШС құрылтайшысы және басшысы. 

28. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжілістің 5 және 6 шақырылым депутаты. 

29. Рақышева Әлия Болатқызы, «Koles А» компаниялар тобының GR-директоры. 

30. Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ақ жол» партиясы төрағасының кеңесшісі, «Мабекс Трэйд» ЖШС бас директоры. 

31. Рупатова Мәриям, Нұр-Сұлтан қаласы, «ERG коммерциялық орталығының» сарапшысы. 

32. Сәрсенов Сағиятулла Өмірзақұлы, Алматы облысы, «Іле корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, Мәжілістің 5 шақырылым депутаты. 

33. Сатыбаев Фуат Сайдахметұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Мойылды санаторийі» АҚ бас директоры. 

34. Сембинов Азат Талғатұлы, жас кәсіпкер, «KBT-group» IT-компаниясының құрылтайшысы және басшысы. 2019 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. 

35. Тәжібаева Ғазиза Бақтиярқызы, Маңғыстау облысы, «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар қанатының жетекшісі. 

36. Хамзин Ғани Болатұлы, Солтүстік Қазақстан облысы, 26 жаста, жас кәсіпкер, «Стройинтеграция» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры. 

37. Шашкин Шыңғыс Сақайұлы, нейрохирург, «Шашкин-клиник» құрылтайшысы және директоры. 2018 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. 

38. Шойбекова Яна Александровна, Алматы қаласы, «BILLBOARD-VIDEO» компаниясының бас директоры.

11:32
6

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020