​ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ЖОЛЫНДА

Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан саяси және экономикалық бағытта қолжеткізген жетістіктерге жергілікті өкілетті органдардың алатын орны ерекше. Былтыр 2019 жылы Қазақстанның жергілікті өкілетті органдары – мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толды. Мәслихаттаринституты жергілікті жердегі демократиялық мүмкіндікке кеңінен жол ашатын органдардың бірі болып отыр.

Осы жылдар ішінде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартудағы, экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырудағы әр шақырылымдағы жергілікті өкілді органның қосып отырған үлесі зор.

Халық қалаулылары тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына бағытталған көптеген істердің басы-қасында болып, атқарылған жұмыстардың дұрыс шешімін табуға және нақтылы орындалуына септігін тигізуде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған кезекті «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып, мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігін атап өтті. Оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып саналатын жиындар мен жиналыстардың мәртебесін арттыруға, мәслихаттардың тексеру комиссияларының рөлін күшейтуге, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттерді бөлуге, мәслихаттарға өңірді дамыту бойынша немесе ондаған жылдар бойы өз шешімін таппаған жергілікті проблемалар бойынша қол жинау және петиция жасау функциясын беруге баса назар аудартты. Сонымен бірге, мәслихаттар нақты шешімдер қабылдаған кезде олардың өзекті мәселелер туралы пікірі ескерілетіні, мәслихаттың құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы заңмен белгіленетіні де айтылды.

Барлық алты шақырылымдағы Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттары өз сайлаушыларының тапсырыстарын мұқият қарап, орындалысын бақылауға алып, тұрғындардың көтерген мәселелерін шешуде белсенділіктерін танытып келеді. Қалалық мәслихаттың депутаттары бекітілген кестеге сәйкес апта сайын сайлаушыларды жеке мәселелері бойынша қабылдайды және сайлау округтарында тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізеді.Депутаттар өздерінің депутаттық міндеттерін қоғамдық негізде, яғни негізгі жұмыстарынан қол үзбей жүзеге асырады.

Мәслихат шешімдерінің орындалуы бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қалада білім беру, медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, материалдық базалары нығайтылып, дамуда. Сонымен қатар, қаланың жолдарын, көшелерін жақсарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Мәслихат сессияларында депутаттар қаланың жылдық бюджеті, оның өзгертулері мен толықтырулары бекітіліп, басқа да өзекті мәселелерді шешуде атсалысып, қаланың даму бағдарламасының орындалуын қадағалайды. Бюджеттің түсімін өсіру, оның дұрыс бағытта тиімді жұмсалуын қадағалау, жіберілген кемшіліктерді дер кезінде түзетіге ұсыныстар енгізу-депутаттар үшін негізгі бағыт болып отыр.

Жезқазған қалалық мәслихаты өз қызметін атқарушы органмен, кәсіпорындар мен қоғамдықұйымдармен байланыса отырып, бірлесіп жұмыс атқарады. Депутаттар ведомствоаралық комиссия құрамына енгізіліп, отырыстарға қатысады.

Билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналған мәслихаттың жұмысы мен халық қалаулыларының атқарған істері үлкен, сондай-ақ мәслихат – билік пен халық арасында шынайы дәнекер, алтын көпір бола беретініне сенім білдіремін.

Жезқазған қалалық мәслихаты атынан облыстың, қаланың әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін қалалық мәслихат депутаттарына, сайлаушыларға, қала тұрғындарына шексіз алғысымды білдіремін.

Тәуелсіздік – мемлекетіміздің, халқымыздың ең қасиетті мерекесі. Тәуелсіздік – ұлтымыздың алтын қазынасы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Халық бірлігін негізге ала отырып, тарихи қысқа уақыт ішінде әлем алаңында көптеген ұлттың өкілі бірлікпен, татулықпен өмір сүріп жатқан баянды да ілгері қарыштайтын мемлекет пайда болды. Еліміз құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Көк байрағы желбіреген абыройлы, беделді да берекелі ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы

08:32
379

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020