ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті жезқазғандықтар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке, елімізді ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың негізін салған салиқалы саясатының арқасында елімізде саяси тұрақтылықты сақтап, толеранттылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді басты ғұмырлық құндылық ретінде ұлықтап, нығайтып келеміз. Елбасымыздың дара да дана жолы арқылы Тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланып, саяси-экономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, әлемдік қауымдастықтан лайықты орның алды. Жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді.

Қазақ халқында: «Тарихты тұлғалар жасайды», деген терең мағыналы сөз бар. Әр ұлттың жеке тарихын қалыптастырудағы ұлы тұлғалар болады. Олар мыңдаған жылдар өтсе де, сол ұлттың көшбасшысы ретінде санамызға бекіп, ұмытылмас тарихи тұлғаға айналады. Бұл ретте, Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы тарихи тұлға ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен мақтанамыз. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік, Рухани құндылық сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың ел тарихындағы ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз.

Құрметті жерлестер, осындай жарқын мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын! Отанымыз — Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін!

Ізгі тілекпен,

Жезқазған қаласының әкімі Қ. Әбсаттаров

Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы С. Медебаев

18:28
418

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020