​ҚОҒАМ мен БИЛІК БІРЛІГІ – ДАМУ КЕПІЛІ

Біздің күшіміз – бірлікте. Тек, бірліктің арқасында ғана біртұтас, көпұлтты Қазақстан табысты дами алады. Бұл – аксиома. Ал, ел қуатын арттыру үшін алдымен адами капиталға көп көңіл бөлінуге тиісті. Елімізде соңғы кездері жастар мен әйелдердің рөлін арттыру үшін жасалып жатқан нақты қадамдар бізді қуантады. Дүниежүзінде етек алған індетке байланысты әлемнің көптеген елдерінде экономикалық дағдарыс белең алып отыр. Дүниенің бір бөлшегіндей біздің еліміз де қиын кезеңді бастан өткеруде. Тұтас әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы мемлекет пен азаматтарды сынаққа алуда… Денсаулық сақтау жүйесінің осал тұсы сыр бергенде, халық мұқтаждарға көмек көрсетуге кірісті. Жыл басында құрылған еріктілер қозғалысы өз жұмысын жандандырды. Бұған дәлел болатын мысалдар өте көп. Соның бірі – көп балалы отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасылары мен карантин уақытында қиын жағдайға тап болған мұқтаж жандарға мейілінше көмек көрсетілді. Ұлытау ауданының тұрғындарының Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы ауруханаларында емделіп жатқан науқас жандарға ауыл шаруашылығы өнімдерін, сонымен қатар дәрі-дәрмектер мен қажетті медициналық жабдықтар алып берді.

Осындай жағдайда жастар мен әйелдер әлеуметтік саланың барометріне айналған. Өйткені, көпбалалы аналар үшін өзекті мәселелерді ң бірі — ұлтаралық қоғамдастықты сақтай отырып, қазіргі қиын жағдайда өзара тартысты болдырмау.

Пандемия жағдайында Жезқазғанда немесе Қазақстан ғана емес, әлемде жұмыссыздық белең алды. Халықтың әлеуметтік тұрмысы ушығып, несие мен жоқшылықтың қамытын киген отбасылар көбейді.

Әрине, мемлекет тарапынан жас отбасылар мен көпбалалы отбасыларын қолдау мақсатында «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Сонымен бірге кәсібінен нәсібін іздегендерге 6 пайызбен аграрлық несие берілуі үлкен қолдауға ие. Көпбалалы отбасыларына жалпыға білім беру бағдарламасы арқылы тегін мектеп құралдары мен мектеп киімдерінің берілуі әжептәуір жеңілдік. Әр нәрсенің күнгейі мен көлеңкесі болатыны сияқты бұл бағытта әлі де болса жетілдіруді қажет ететін тұстар баршылық.

Бұл тұста мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «естуші мемлекет» құру туралы бастамасына орай, биліктің де жұмыс стилінің өзгергенін айтпай кетуге болмас. Адамдармен шынайы сұхбаттаса отырып, жергілікті атқарушы билік өмірдің барлық салаларындағы туындап жатқан мәселелерге жедел ден қоя келіп, пайдасыз шараларды өткізбей, тұрғындармен байланысты күшейткен. Әлем тез дамып келеді. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында өмірдің барлық өзекті мәселелері айқын және жедел талқылануда.

Бүгінгідей өркениетті заманға сай, әлем бойынша азаматық қоғамның үлгесі қалыптасып беки бастады. Бұл сала бойынша еліміздегі азаматтық қоғам институттарының қалыптасуында біраз өзгеріс белең алды. Парламент пен түрлі деңгейдегі мәслихаттарда көп партиялықты қалыптастыру — қоғам ілгерілеуінің басты белгісі. Бұл азаматтардың саяси, мәдени белсенділігін арттыруға тікелей әсер ететін жаңалық. Осы тұста, парламент пен түрлі деңгейдегі мәслихаттарға жастар мен әйелдерге 30 пайыздық квотаның белгіленуі құптарлық. Өйткені, дамыған елдердегі тәжірибе осындай болып келеді. Сөйтіп біз де Жезқазған өңірінің жастарына өз таңдауын жасатуға мүмкіндік берілді.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, кедей мен бай арасындағы әлеуметтік алшақтық мемлекет үшін төнер қауіптің бірі. Олай болса, әлеуметтік қорғауды талап ететін топтарға ұсынылып отырған түрлі гранттар мен жеңілдіпен берілетін несиелер әлеуметтік әділетсіздікті жоюға талпыныс. Бұл да құптарлық қадам.

Осы тұрғыдан келгенде еліміздегі азаматтық қоғамның қалыптасуы ,қоғам өмірін ің шынайы демократиялануы бүгінгі күн үшін кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені, кемелденген азаматтық қоғамда ғана жекелеген азаматтардың өзін-өзі таныту мүмкіндігі өседі.

Мақпал ОРЫНБЕТОВА,

Қарағанды облыстық «Талбесік» ҚБ Жезқазған аймақтық өкілдігінің жетекшісі, «Дидар» телеарнасының бас продюсері

18:41
418

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020