ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ

Қарағанды облысы коронавирустың таралуы бойынша жасыл аймақта орналасқан. Осыған байланысты облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Оның айтуынша, сауда нысандарында балалар ойын алаңдары мен аттракциондарын ашуға әлі де тыйым салынған.

Сауда объектілерінде (сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауда үйлері) әлеуметтік қашықтықты, маскалық және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау міндетті. Кіре берісте әр келушіге термометрия жүргізілуі керек.

Фуд-корттар тамақтану залын ұйымдастырмай және үстелдерді қоймай, тек тамақ өзімен бірге алып кету және жеткізу үшін жұмыс істей алады.

12 желтоқсан сағат 00-ден бастап демалыс және мереке күндері сауда орындарының (сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауда үйлері) 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл уақыт шектеулері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларға қатысты емес.

13:40
342

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020