​ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВҚА ЕЛБАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЕЙБІТШІЛІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің –Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы:

медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа;

білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін» делінген Президент Жарлығында. 

21:51
1195

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020