«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Нұр-Сұлтанда жыл сайынғы «Жомарт Жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 25 меценат пен белсенді азамат 5 номинация бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері атанды .

Конкурс азаматтарды, бизнес-құрылымдар өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді туған жерін дамытуға ынталандыру және көтермелеу мақсатындағы қайырымдылық идеяларын насихаттауға бағытталған.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, 17 облыстың әкімдері, қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және кәсіпкерлік саласының өкілдері қатысты.

«Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы ауқымды қайырымдылық қызметі үшін «Ютария ltd» ЖШС компаниялар тобының Бас директоры Сәуле Шәуенова (Қарағанды облысы) жүлдегер атанды.

22:01
827

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020