«ТРАНКО» КМ КӘСІПОРНЫ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровтың қатысуымен «Транко» КМ компаниясының қызметкерлері мен басшылығы арасында жалақы деңгейін өзгерту, тұрмыстық жағдайларды жақсарту және басқа да мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді.

Еңбек ұжымымен кездесуге "Қазақмыс «корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Гайдин, «Транко» Басқарма төрағасы Гафур Ихсан келді, олар кәсіпорын қызметкерлерінің талаптары мен тілектерін тыңдады. Нәтижесінде Транко КМ қызметкерлері басшылық ұсынысымен келісті. 16 желтоқсанға дейін 13-ші жалақы, сондай-ақ тиісті қосымша төлемдер төленеді, жаңа жылдан бастап жалақының өсу жағына қарай өзгеруі қарастырылады.
Жезқазған қаласы әкімінің ұсынысы бойынша жұмысшылардың басқа да шағымдарын қарау бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды, оған Транко КМ жұмысшыларының, еңбек инспекциясы, кәсіподақ, Қазақмыс өкілдері кірді.
Жұмысшылар өз жұмыс орындарына оралды. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеуде.
18:59
713

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020