«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫН ТАНЫСТЫРДЫ

ҚазАқпарат - Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Республикалық сайлауалды штабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында республикалық және партияның барлық филиалдарында осындай аймақтық штабтар құрылған болатын. Республикалық штабтың басшысы — Азат Перуашев, Болат Өтепбаев пен Айгүл Жұмабаева орынбасарлары болып тағайындалды. Штабқа орталық аппараттың барлық жауапты қызметкерлері кірді. Сайлау алдындағы құрылтайдан кейін штаб құрамына партиялық тізімдегі кандидаттар да енгізілді. 

Отырыс барысында Азат Перуашев штабтың қазіргі ұйымдастырушылық жұмысы туралы айтып берді. Осы аралықта БАҚ-пен келісім-шарттар жасалып, үгіт-насихат материалдары басылып, ел өңірлерінде 317 баннер орнатылған.

«Іс-шаралардың желілік кестесі эпидемиологиялық жағдайға байланысты апта сайын жаңартылып, түзетіліп отырады. Қазіргі уақытта сенімді тұлғалардың тізімін тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, кеше штаб осы мәселе бойынша кеңес өткізді», — деп атап өтті ол. 

Азат Перуашев әріптестерін үгіт-насихат шараларын жүргізу кезінде бас санитарлық дәрігердің барлық нұсқауларын және сайлау туралы заңдарды мүлтіксіз сақтауға шақырды.

13:36
518

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020